22.06.2022 _ 09:55

1 шілдеден бастап тау асулары арқылы Ыстықкөл курорттық көліне уақытты анағұрлым үнемдеп жетуге болады

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырда Қырғыз Республикасына ресми сапары барысында екі елдің басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды, оның шеңберінде туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ өзара туристік ағынды ұлғайту мақсатында пилоттық режимде Тянь-Шань таулы аймағындағы бағыттар бойынша, атап айтқанда, «Озерный» және «Сары бұлақ» асулары арқылы туристік топтарды өткізу ұйымдастырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген мәлімдемені және тиісті тапсырманы орындау үшін қазақстандық тарап тау маусымын ашуға арналған барлық қажетті іс-шараларды қабылдады.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туристік қауымдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Қазақстан мен Қырғызстанның туристік бизнесі арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде пилоттық жобаны іске асыру тұжырымдамасын әзірледі, пилоттық рұқсаттамаларды ұйымдастыру мәселесі Қазақстан Республикасының коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының депутаттық корпусы қырғыз тарапымен делегациялар отырысында Халықаралық істер, Қорғаныс, Қауіпсіздік комитетінің делегациясымен және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің көші-қоны комитетімен келісілді. 

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 9 маусымда жоғарыда көрсетілген пилоттық өткелдердің ашылуы туралы Қырғыз Республикасына нота жолдады.

Қазіргі уақытта осы жылдың 1 шілдесінен бастап тау туризмі маусымы кезеңінде өткелдерді ұйымдастыру үшін қырғыз тарапының ұстанымы күтілуде.