22.06.2022 _ 10:58

Қазақстаннға 45 градустық ыстық келеді

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде Солтүстік циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай, дауыл, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.

23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз 23 маусым Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусым Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусым Қостанай облысының оңтүстігінде, 23-25 маусым Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық – 40 градус, 24-25 маусым Қызылорда облысының оңтүстігінде, 25 маусым Түркістан облысының шөлді аудандарында өте қатты ыстық – 45 градус, 25 маусым Жамбыл облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық – 43 градус болады деп күтілуде.