22.06.2022 _ 14:29

Қарқынын бәсеңдетпеу. Қостанай облысының экономикасына 127,2 млрд теңге тартылды

Машина жасау - Қостанай облысының экономикалық өсуінің драйвері. Автомобиль жасаудың арқасында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу секторының үлесі 55,6%-ға жетті. Есепті кезеңде 260,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсім 23,6%. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Өткен кезеңде конвейерден барлығы 24 408 көлік шықты, оның 1 мыңнан астамы экспортқа жіберілді. 

«Сонымен қатар, елімізде өндірілген автокөліктердің 60%-ы біздің облыс кәсіпорындарының конвейерлерінен шығады. Негізгі капиталға инвестицияларға келетін болсақ, есепті кезеңде өңір экономикасына 127,2 млрд теңге тартылды. Жыл қорытындысы бойынша осы қарқынды ұстап қана қоймай, оны ұлғайтуға да ниеттіміз. АӨК саласында сүт бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін 2 бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған: 8 сүт-тауар фермасын салу, оның 7-уі сыйымдылығы 1200 бас ІҚМ, қуаты 15,2 мың тағы бір ірі өндіріс - сыйымдылығы 3 мың бас ІҚМ, қуаттылығы жылына 42,6 мың тонна сүт өндіру; май экстракциялық зауыт пен құрама жем зауытының құрылысы», - деп атап өтті әкім.