23.06.2022 _ 10:23

Жыл соңына дейін тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорын іске қосылады

Жыл басынан бері облыс экономикасына шамамен 202 млрд теңге инвестицияланды. Оның ішінде, 90%-дан астамы жеке жобалар. Жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады (1936). Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
Жыл соңына дейін тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорын іске қосылады

«Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймақ аумағында оныншы жоба – «Алтын Арна Geosynthetics» геомембрана өндірісі іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Өткен жылы «Saran» индустриялық аймағын құрылды, онда 3 жоба іске асырылуда. Жыл соңына дейін «Татнефть» компаниясының қатысуымен өңірде KamaTyresKZ шина зауыты іске қосылады деп күтілуде. Жобада 1000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген»,  -  деді облыс әкімі.