Отырысқа экология, геология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, әкімдіктердің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері, сондай-ақ жұртшылық пен қала тұрғындары қатысты.
Вице-министр Комиссия үш ай бұрын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерін зерттеу мақсатында құрылғанын атап өтті.
Комиссия Жол картасын бекітті, осы Жол картасын іске асыру үшін ағымдағы жылғы 23-27 мамыр аралығында мүдделі мемлекеттік органдар (ҚР ДСМ СЭБК, ҚР ЭГТРМ ЭРБК, ҚР ЭГТРМ «Қазгидромет» РМК, ҚР ЦДИАӨМ «Инфракос» РМК) су, топырақ және ауа сынамаларын алды.
Одан әрі отырыстар Комиссия өкілдерінің баяндамаларымен жалғасты.
Вице-министр сондай-ақ аталған өңірдегі жағдайды дұрыс бағалау және Байқоңыр ғарыш айлағы жұмысының қатерлі ісіктердің дамуына әсерін анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына техникалық тапсырма жобасын әзірлеу қажет.
Отырыста жұртшылық өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптарын алды.