27.06.2022 _ 14:45

Жыл сайын 28 жақын және алыс шет елдерге 2 млн тоннадан астам астық экспортталады – Ақмола облысының әкімі

Ақмола облысы – негізгі ауыл шаруашылық өңірлердің бірі, елдегі ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі оның үлесі 10% құрайды. Биыл дәнді дақылдар егістік алқабын 5,1 млн гектарға дейін жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

«Бұл – республикадағы ең үлкен астық сынасы, біз жыл сайын ел астығының шамамен төрттен бірін өндіреміз, астыққа, тұқымға және мал азығына деген ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеміз. Жыл сайын 28 таяу және қиыр шет елдерге 2 млн тоннадан астам астық экспорттаймыз»,  - деді әкім. 
Е.Маржықпаев астық өндірісі туралы айта келе, оның негізгі құрамдас бөлігі - техникалық жабдықталуына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.  Жыл басынан бері облыстың агроқұрылымдары жалпы сомасы 21 млрд теңгеге 727 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.