27.06.2022 _ 19:32

Маусым айында еліміздің су айдындарында 65 адам суға батып кеткен, оның 28 - балалар

Алғашқы жаз айында Қазақстанда 65 адам суға батып кетті, оның 28 – і балалар. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, су айдындарында шомылудың қауіпсіздігін қадағалауға кеңес береді.

Сонымен қатар, құтқарушылар қауіпсіздік шараларын бұзбауға және тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырады.