29.06.2022 _ 11:15

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің 90%-дан астамы басқарудың жаңа нысанына көшті - ИИДМ

Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандары «бір үй - бір бірлестік» немесе «жай серіктестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істеуге арналған. Меншік иелерінің әрбір бірлестігі немесе жай серіктестік өзінің жинақ шотын ашады. Басқарудың бұл принципі пәтер иелерінің кооперативтерінің басым бөлігі көп үйлерді басқара бастағанына және барлық үйлерге бір шот ашқанымен байланысты болды. Сонымен қатар олар күрделі жөндеу үшін жинақ шоттарын ашпаған. Нәтижесінде пәтер иелері қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау мүмкін болмады. Жаңа заңда 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ескі ПИК-тен Жаңа МИБ-ке немесе ЖС-ге көшу қарастырылған болатын. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол Орталық комммуникациялар қызмметінде өткен дөңгелек үстел отырысында статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Оның айтуынша, ведомство мамандары 2020 жылдың сәуір айында қабылданған 16 заңға тәуелді актіні әзірледі. 


«Бүгінгі күні республикада кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанына көшуге жататын 46 522 көппәтерлі тұрғын үйдің 90,4%-ын құрайтын 42 037 көппәтерлі тұрғын үй көшірілді. Оның ішінде 4135 КПТҮ МИБ-ке, 37 902 - жай серіктестікке көшті. Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанына толық көшу Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, СҚО, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында қамтамасыз етілді», - деп атап өтті спикер.