29.06.2022 _ 11:25

Еліміздің әр өңірінде МИБ төрағалары үшін оқыту орталықтарын ашу жоспарланған

Қазіргі уақытта МИБ төрағаларын, қарапайым серіктестіктердің сенімді тұлғаларын және осы саладағы басқа да мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен 4 шаруашылық айналысады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Нұр-Сұлтан қаласы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті - Шымкент қаласы; «INVEST» Оқу орталығы – Нұр-Сұлтан қаласы; «ТКШ-Инфо» ЖШС – Алматы қаласы. Бұл туралы Орталық комммуникациялар қызмметінде өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтып берді.

«Басқарудың жаңа формаларына көшу реформасын іске асыру кезеңінде осы оқу орталықтарында 780 тыңдаушы оқытылды, КПТҮ-нің 350-ден астам басқарушысы өз біліктілігін растады. Сонымен қатар республиканың барлық өңірлерінде ұқсас оқу орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді салалық ведомство өкілі. 


Басқарудың ескі нысандары арасындағы шиеленісті төмендету және жаңаларының санын арттыру мақсатында «ҚР Ұлттық кооперативтер қауымдастығы және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары» ЗТБ қоғамдық ұйымдармен диалог орнату бойынша жұмыс басталды.