29.06.2022 _ 11:35

МИБ және ЖС көшу мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады

2020 жылғы қаңтардан бастап реформаны іске асыру барысында оның тиімді іске асырылуына әсер ететін бірқатар проблемалық мәселелер болды. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына түзетулер топтамасын дайындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол хабарлады.

«Заң жобасы көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетігін жақсартуға бағытталған және тұрғын үй қатынастары субъектілерінің кейбір функцияларын нақтылайды. Бұдан басқа, өтпелі кезеңнің қысқа мерзімдерін, сондай-ақ басқарудың жаңа нысанына өтпеген көппәтерлі тұрғын үйлердің тиісті басқарусыз және күтіп ұстаусыз қалу тәуекелдерін ескере отырып, сонымен қатар заңнама талаптарын сапалы орындау ммақсатында кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімін 2023 жылдың 1 шілдеге дейін ұзарту қарастырылған», - деді спикер.