29.06.2022 _ 11:55

Бұрынғы басқарушы компанияларды әкімшілік жазаға тарту мәселесі қаралуда

Тұрғын үй саласындағы реформа 2020 жылы басталғанда біраз қиындық болды. Көппәтерлі тұрғын үй нысандарын басқарудың ескі нысандарынан жаңасына көшкен кезде қажетті техникалық құжаттарды бұрынғы басқарушы компаниялар, басқарушы органдар беруден бас тартты. Бұл жаңа құрылған мүлік иелері бірлестіктерін сотқа жүгінуге итермеледі. Бұл жауапкершіліктің болмауынан орын алған мәселе. Орталық коммункиациялар қызмметі алаңында өткен дөңгелек үстел отырысы барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов осындай пікірін жеткізді.

«Осыған байланысты ИИДМ атынан қосымша заңға өзгерістер дайындалды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер әзірленді. Бүгінде уәкілетті орган Әділет министрлігі атынан заң жобасы дайындалып, регламент бойынша екі рет мүдделі мемлекеттік органдарда, үкіметте қаралып, президент әкімшілігіне ұсынылды. Одан әрі құжат Мәжілісте қабылданатын болса, онда бұрынғы басқарушы компания,  бақсарушы орган немесе ПИК әкімшілік жазаға тартылады. Сонымен  қатар реформа жүргізіліп жатқан  екі жылдың ішінде заңның олқылықтары бары байқалды. Осыған орай министрлік атынан заң жобасына қосымша ұсыныстар жасалды», - деді спикер.