29.06.2022 _ 12:15

Тұрғын үйлерді басқару саласындағы мамандарды қашықтан сертификаттау нысандарын енгізу қажет - Қ. Шайх

Реформаның мақсаты - ПИК-тен МИБ-ке көшу емес, халқымыздың әл-ауқатын түсінуге және көтеруге жағдай жасау екенін халыққа жеткізу маңызды. Тұрғындар өз өмірлерінің қаншалықты жақсарғанын сезінуі керек. Халықтың жаппай шағымдары, орын алған үрдіске наразылығы болды, сондықтан реформа басталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі өзін-өзі реттейтін ұйым Президенті Қазыбек Шайх Орталық коммуникациялар қызметі алаңында реформаның жүргізілуін талқылау барысында айтты.

Сарапшы кондоминиумды басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімін ұзартуды дұрыс деп атады. Пандемия уақытты «ұрлады». Халықпен кездесулер өткізу, кейін жедел қарқынмен жұмыс істеу мүмкін болмады. Бірақ бұған қарамастан, реформа тоқтаған жоқ, халықпен үздіксіз байланыс орнатылды, нарықта болып жатқан оқиғалар туралы, ел халқын алаңдатқан мәселелер, қызмет көрсету және басқару компанияларын мазалаған сұрақтар бойынша материалдар  жиналуда. Барлық өңірлер бұл процеске белсенді қатысты.


«Бірақ проблемалар жоқ емес: үйді басқару саласындағы мамандарды қашықтан сертификаттау нысандарын енгізу қажет, өйткені бұл процессіз біз нарықты қажетті мамандармен толтыра алмаймыз. Бұл еліміз үшін осалдық тудыруы мүмкін. Себебі үйлерді сертификатталмаған, тиісті түрде оқытылмаған маман басқарса, бұл тұрғындарға тікелей қауіп төндіреді. Бұл тұрғыда кәсіпкерлердің ұлттық палатасына да, министрлікке де барлық дамыған елдердегідей өзін-өзі реттейтін ұйымдар арқылы мамандарды сертификаттауды қалыптастырудың негізін қалау туралы өтініш білдіргім келеді. Бұл жерде кім бұл жұмысты орындауға жарайды, ал кімнің жарамайтынын кәсіби қауымдастық анықтай алады», - деді сарапшы жаңа идеясын ұсына отырып.