29.06.2022 _ 15:05

Аурулар ерте кезеңде анықталады. Құмар Ақсақалов жаңа медициналық жабдықтың тиімділігі туралы айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын медициналық техниканы жаңартуға көп қаражат жұмсалады. 5 жыл ішінде 14 млрд теңге бөлінді. 2 мың бірлік түрлі медициналық жабдық сатып алынды. Бұл маммографтар, ангиографтар, рентген және УДЗ аппараттарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, ауруханаларды МРТ және компьютерлік томографтармен жабдықтау жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Аурулар ерте кезеңде анықталады. Құмар Ақсақалов жаңа медициналық жабдықтың тиімділігі туралы айтып берді иллюстративное фото с сайта zdrav.expert

«Мысалы, 5 жыл бұрын облыста 4 компьютерлік томограф болған. Жақында сегізінші компьютерлік томограф іске қосылды. КТ тексерулерімен халықты қамту 2,5 есеге артты. Биыл балалар ауруханасына МРТ жеткізіледі. Біз жабдық сатып алудың әсерін көріп отырмыз. Аурулар ерте кезеңде анықталады. Туберкулезбен ауыру 2 есе азайды. Одан болатын өлім-жітім 30%-ға, онкологиядан 15%-ға төмендеді», - деді әкім. 


Көпсалалы аурухана мен екі емхананың құрылысы басталды.