30.06.2022 _ 10:56

Қазақстан маска тағу режиміне қайта оралуы мүмкін

Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді журналистерге.

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабылданған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз», деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ ол вакцинацияны күшейту керегін айтты.