30.06.2022 _ 14:30

Жолаушылар вагондарының орташа тозу деңгейі 46%-ды құрайды - ҚР ИИДМ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 130-дан астам жолаушылар пойызы жүріп жатыр. Жылжымалы құрам паркінде 2,6 мың жолаушылар вагоны бар, орташа тозу деңгейі 46%. Соңғы 10 жылда 1,1 мыңнан астам жаңа вагон. Осы жылы тағы 73 вагон сатып алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлім етті.

Осыған қарамастан, 900-ден астам вагонның мерзімі 30 жылдан асады, олар сұраныстың өсу кезеңінде пойыздарға қосылады. Бұл мәселені шешу үшін министрлік еуропалық технологиялар бойынша отандық жолаушылар вагондарының өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


«Бизнесті, атап айтқанда, жолаушылар паркін жаңарту бойынша тасымалдаушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында жолаушылар тасымалын субсидиялау, жолаушылар вагондарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемелері бойынша шаралар қабылдануда, сондай-ақ еуропалық стандарттар бойынша жолаушылар вагондарын өндіруді ұйымдастыру үшін швейцариялық «Штадлер» компаниясын тарту мәселесі пысықталуда. 2029 жылға дейін осындай 530-дан астам вагон сатып алынады. Жолаушылар мен вагондарға қатысты белгілі бір шағымдар бар екені белгілі. Соңғы 5 айда 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Әрқайсысы қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде 200-ден астам вагон тексерілді, 431-ге жуық бұзушылық анықталды, 32 млн теңгеге айыппұл салынды», - деп атап өтті спикер. 


Айта кетейік, қазір жолаушылар тасымалы стандарттары сервисті жақсарту және тасымалдаушыға қойылатын талаптарды күшейту үшін түзетілуде.