30.06.2022 _ 16:20

Қаңтар оқиғасы: осы әрекеттердің мақсаты - халық арасында үрей мен қорқыныш туғызу

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастыруда. Қиратулар, мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонаулар жасаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуылдар жасады. 


«Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда. Қызылорда облысында әскери Қайсаров қаза болған терроризм фактісі бойынша сот процесі жалғасуда. Шымкент қаласының прокуратурасымен 35 күдікті сотқа берілді, олар қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні орталық алаңда полицияның қызметтік автокөліктерін қиратты, металл арматурамен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады, содан кейін әкімдік ғимаратына шабуыл жасауға белсенді түрде қатысты. Сот үкімімен көрсетілген адамдарға түрлі жазалау шаралары тағайындалды. Осы әрекеттердің мақсаты халық арасында үрей мен қорқынышты туғызу, жағдайды тұрақтандыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі жасау болған», - деді спикер