05.07.2022 _ 08:20

ҚР ІІМ: Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы туралы

2022 жылғы 20 маусым – 1 шілде кезеңінде Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шартқа қоса берілетін Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді және бекітуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы Қазақстан Республикасының аумағында жоспарлануда.