07.07.2022 _ 14:50

Алматыда екі жаңа метро станциясының іске қосылуы күнделікті жолаушылар ағынын 2 есеге жуық арттырды

Көлік инфрақұрылымын дамыту - қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі мен жолдағы кептелісті азайту индикаторларының бірі. Биыл 30 мамырда метроның «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» 2 станциясы ашылды, бұл күнделікті жолаушылар ағымын 1,9 есе 86 мың адамға дейін арттырды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Иллюстративное фото с сайта inform.kz

Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айында ұзындығы 800 метр Әуезов көшесі Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін ұзартылды, сондай-ақ ұзындығы 7,7 км 2 көшені ұзарту жалғасуда.


«Үш көлік жолайрығының құрылысы жүріп жатыр, оның біреуін «Бұқтырма – Құлжа күре жолын» осы жылдың соңында, екеуін – 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтаймыз. Сондай-ақ 5 шағын ауданда 50 км жаңа жол құрылысын аяқтаймыз. 200 км жолға орташа жөндеу жүргізіліп, 100 км тротуарлар мен 80 аялдама жайластырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін биыл 86%-ға жеткіземіз. Былтыр бұл көрсеткіш 83%  болған.