07.07.2022 _ 15:41

Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 53 мыңға дейін артты

Қазақстанда Балалар жылында балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 40%-дан аса көрсеткішке артты. Бұған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары мен логопедиялық орталықтар желісін кеңейту ықпал етіп жатыр. Былтыр орталықтарға 30 мың бала барса, биыл олардың саны 53 мыңға дейін артып отыр.
Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 53 мыңға дейін артты

Қолданыстағы ПМПК-ларды кеңейту және жаңаларын ашудың арқасында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды арттыру мүмкін болды. Мысалы, былтыр елімізде 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болатын. Енді республикадағы ППТК-ның жалпы саны 211-ге жетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баланың дамуындағы проблемаларды ерте анықтау және түзету үшін қосымша жағдайлар жасалып жатыр. Ол үшін қазір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтарының саны артып келеді», - деп айтты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.