08.07.2022 _ 09:53

ҚР МСМ: Елена Рыбакина Уимблдон финалына шықты

Ұлыбритания ашық чемпионатының (Уимблдон турнирі) жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы румын Симон Халепті жеңді.

Рыбакина 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кортта теннисшілер бір сағат 17 минутты өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасады. Айта кетейік, Симона Халеп 2019 жылы Уимблдон жеңімпазы атанған болатын.

Ал финалда қазақстандық теннисші Тунистен келген әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабермен кездеседі.