Түзетулердің мақсаты - байланыс провайдерлерінің жерасты кабельдеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етіп, тұтынушыларға интернет тарататын компанияларды емін-еркін таңдауға мүмкіндік беру.
Өзгерістер аясында нарық мүшелері арасында өтініштерді жедел қарап, шарттарды тездетіп жасасуға және мүдделі компаниялар арасында өзара іс-қимыл регламентін құру мерзімдерін шектеу мәселесі де қамтылған. Сондай-ақ ең басты норма – жаңадан салынған кәріз кабель жүйесін жалға беру ісі конкурстық негізде өтеді. Бірақ, жерасты интернет сымдарының негізгі иесі болып мемлекеттік органдар мен ұйымдар қала береді.
Сондай-ақ енді өзгерістер құрамына кәріз кабельдеріне қол жеткізе алмағандардың шағымдарымен жұмыс істеудің жаңа тәртібі енді. Мұндай жағдайға тап болған өтініш беруші уәкілетті органға, яғни еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне шағым түсіреді алады. Оның нәтижесінде байланыс саласындағы сарапшылардық қатысуымен техникалық аудит тексерістері де тағайындалады. Сондықтан уәкілетті органның жанынан кәріз кабельдері жөніндегі комиссия құру ұсынылады, оның құрамына жауапты министрлік, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, байланыс операторлары енеді.
Аталған өзгерістер ЦДИАӨМ тарапынан қолдау тапты, оларды осы жылдың соңына дейін Қағидаларға енгізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы мемлекеттік органдармен келісу кезеңінен өтіп жатыр.