08.07.2022 _ 14:50

Елорда әкімі ЛРТ туралы: жүктемеге шыдайды, бастысы – құрылысын аяқтау

Рельстер, вагондар және көп уақыт тұрып қалған ЛРТ бетон тіректері жүктемеге, жылдамдыққа және қатал климатқа төтеп бере ала ма? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте елорда әкімінен сұрады.

Алтай Көлгінов қоғамның алаңдаушылығын түсінетінін айтты. Бірақ инженерлік құрылымдар сараптамадан өткенін еске салды.  


«Жобаны сарапшылар, құрылысшылар, инженерлер әзірледі. Мұның бәрі жүктеме мен ауа райын және климаттық жағдайларды ескереді. Мысалы, Канададағы климаттық жағдайлар. Біздің мамандар ол жаққа да барды, ЛРТ-мен жүріп көрді, серіктесімізбен сөйлесті. Бұл маңызды инженерлік-көліктік жоба. Бетон тіректері өте сапалы, әрқайсысының салмағы шамамен 220 тонна, күшейтілген, бетон маркасы өте жоғары, бетон сапасын мамандар тексереді. Техникалық қадағалау, авторлық қадағалау бар. Ең бастысы - бұл нысанды аяқтау», - деп атап өтті қала басшысы.