08.07.2022 _ 15:00

Қала маңындағы ауылдар елорда аймағына кірмейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала маңындағы елді мекендерді агломерация ретінде қарастыру керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистің сұрағына берген жауабында айтты.

«Қаланың шекарасы қазіргі жоспарға сәйкес өзгермейді. Себебі өзіміздің қаладағы 16 елді мекен бар. Олардың өз мәселелері бар. Арнайы жоспар әзірленіп, арнайы қаражат бөлінуде. Ол жерде де шешетін мәселе көп. Қала маңындағы елді мекендер Ақмола облысына тиесілі. Олар агломерация ретінде бірге дамуы керек», - деді елорда басшысы.