08.07.2022 _ 18:01

ҚР ҚМ: Бүгін Лондонда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығына арналған Бизнес-форумға қатысты.

2022 жылғы 8 шілдеде Лондонда Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Кеңесінде Қазақстанның атынан басқарушы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығына арналған Бизнес-форумға қатысты.
ҚР ҚМ: Бүгін Лондонда  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығына арналған Бизнес-форумға қатысты.

Осы Бизнес-форумның пленарлық сессиясы барысында Е.Жамаубаев мемлекеттің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, оның ішінде «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы, елдегі ағымдағы экономикалық ахуал және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.


Бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.


Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының Бірінші орынбасары А.Қасымалиевпен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.


Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары У.Усмонзодамен кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.