08.07.2022 _ 15:20

Нұр-Сұлтан - жайлы қала. Елордада 700-ден астам қоғамдық кеңістік ашылды

Елорданы дамытудың кешенді жоспарында Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй алаптары бойынша жеке бөлім қабылданды. 2019 жылы Үкімет қаулысымен бекітілді. Жыл сайын ұдайы түзетіліп, жүзеге асырылады. 200-ден астам көше, 40-тан астам қоғамдық кеңістік пен 300 аула алаңы жөнделді, алдағы уақытта газдандыру тұрғын үй алаптарында жүргізіледі. Жыл сайын бұл жұмыс өз нәтижесін береді: тротуарлар, жарықтандыру, аялдамалар және .б. жобалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Жалпы, қоғамдық кеңістіктер бойынша өз жұмысымызды «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» жоспарына сәйкес жүзеге асыратынымызды атап өткім келеді. Басты қағида – адамдарға арналған қала. Жалпы 700-ден астам қоғамдық кеңістік пен аула аумағы жасалады. Бұл, әсіресе пандемия кезінде, елорданың өзіндік ерекшелігі болды. Қоғамдық кеңістіктер, алаңдар мен аулалар тұрғындарды қалай қуантатынын байқадық. Есіл ауданында жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болды. Мысалы, қала күніне орай Бараев даңғылындағы қоғамдық кеңістік ашылды, онда, барлық қажеттілікті ескере отырып, барынша кедергісіз кеңістік жасалды. Есіл өзенінің жағалауы қалалық алаңмен, театр желекжолымен біріктірілді. Субұрқақтар, жасыл желектер - аулаларды абаттандыру бойынша аса маңызды жұмыс әлеуметтендіруге әсер етеді: балалар аула алаңдары бар, жастар спортпен шұғылданады, ересектер – зейнеткерлер бос уақыттарын өткізеді», - деп атап өтті спикер.  


Сондай-ақ елордада саябақтар құтқарушылар, мұғалімдер, медицина қызметкерлерінің құрметіне абаттандырылды, Көктал тұрғын алабында саябақ ашылды. Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында әркім өзіне ұнайтын іспен айналысады: баскетбол/футбол алаңдары, workout-аймақтар, демалуға арналған тыныш аймақтар, әткеншектер, шығармашылық өнер көрсетуге арналған сахна, скейт-аймақтар және т.б. орналасқан. 


Осылайша, елордада бос жерлер, қараусыз қалған учаскелер мен батпақты жерлер айтарлықтай азайды. Олардың орнына қала тұрғындары мен қонақтарына арналған аймақтар жасалды. Абаттандыру жұмыстарымен елорданың барлық аудандары қамтылды.