12.07.2022 _ 14:10

Дарбаза-Мақтаарал темір жолының құрылысы транзиттік әлеуетті 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді - ҚР ИИДМ

5 шілдеде Мемлекет басшысымен ҚР көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өтті. Бүгінде көлік-коммуникация кешеніне баса назар аударылуда. Қазіргі жағдайда елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі шараларды күшейту және жандандыру қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда теміржол көлік дәліздерінің тармақталған желісі бар. Бұл ретте ағымдағы өткізу қабілетіне қол жеткізілді дуге болады: біз өз мүмкіндіктеріміз шегінде жұмыс істеп келеміз. Осы орайда транзиттік-экспорттық әлеуетті арттыру үшін белгілі бір шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен кездесу барысында ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлімдеді.
Дарбаза-Мақтаарал темір жолының құрылысы транзиттік әлеуетті 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді - ҚР ИИДМ

Оның айтуынша, қосымша теміржол инфрақұрылымын, терминалдық қуаттарды салу бойынша жоспарлар бар. Теңіз саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.


«Мемлекет басшысы бүгінде Каспий теңізіндегі позициямызды нығайтып, Ақтау және Құрық теңіз порттарын дамытып, отандық сауда флотын құрып, одан әрі дамытатын уақыт келгенін ерекше атап өтті. Егер дәліздерге жеке тоқталатын болсақ, Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік экспорттық тасымалдарды дамыту үшін Достық – Мойылды теміржол учаскесінің екінші жолдарының құрылысы жоспарланып отыр, сондай-ақ Алматыны айналып өтетін айналма теміржол құрылысын салу көзделген. Бұл Алматы торабын орта есеппен 30%-ға жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оған қоса, Бақты – Аягөз темір жол учаскесі мен үшінші шекара өткелінің құрылысы мәселесі қарастырылып жатыр. «ҚТЖ» қазіргі уақытта ресейлік серіктестермен және қытайлық әріптестермен осы жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Орталық Азия өңіріне қатысты - бүгінгі таңда Сарыағаш станциясы толықтай қуаттылыққа ие, резервтер шамамен 1 млн тоннаны құрайды. Осыған байланысты Дарбаза – Мақтаарал темір жолының құрылысы жоспарланған. Жобаны іске асыру бірінші кезекте транзиттік әлеуетті 5 есеге арттыруға, сондай-ақ, теміржолдар Мақтаарал ауданын негізгі магистральдық теміржол желісімен қосуға мүмкіндік береді, тиісінше, осы өңірдің дамуына оң әсер етеді», - деп атап өтті спикер.