13.07.2022 _ 09:51

ҚР Премьер-Министрі Израильдің туризм министрі Йоэль Развозовпен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Израильдің туризм министрі Йоэль Развозовпен кездесті.

Үкімет басшысы Израиль мемлекеті – еліміздің Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі және қазіргі жағдайда екі ел өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін көп күш салуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, аграрлық саладағы өзара іс-қимылды және туристік әлеуетті дамытуды талқылады.