2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін жинақтау көлемі 1,7 текше километрді құрайтын 9 жаңа су қоймасының жобасы іске асырылмақ, оның ішінде 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте 11,3 млрд теңге қолдау тапты.
«2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, көлемі 18,5 млн м3 «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы пайдалануға берілді. 2022-2023 жылдар кезеңінде 6 жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді аяқтау көзделген, бұл жалпы көлемі 1,6 км м3 болатын Ырғайты, Ақмола, Қалғұты, Үлкен Өзен, Бұзылық, Қараөзек және Кіші Өзен су қоймалары. 2023 жылы осы аталған қоймалардың құрылысын бастау жоспарланған. Жалпы алғанда, аталған жобаларды іске асыру 70 елді мекен мен 137 мың адам үшін су тасқыны қаупін азайтады және Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейге су тәуелділігін төмендетеді», - деді Бекмағамбетов.