13.07.2022 _ 13:50

«Қазақстандық шоколад», «көкшетаулық балмұздақ»... Географиялық көрсеткіш зияткерлік меншік туралы заң жобасына енгізілді

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ұжымдық ұйымдар) қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша түзетулер. Тәжірибені талдау, авторлар мен құқық иеленушілердің шағымдары ұйымдардың міндеттерін нақтылауды қажет етті. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мәлім еткендей, түзетулер 9 мыңға жуық қазақстандық автор мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақы алуға деген үміттерін көрсетеді және ұжымдық ұйымдардмен олардың құқықтарын бұзуын болдырмауға бағытталған.

«Географиялық көрсеткіш» жаңа объектісі енгізілді. Аталған түзету отандық тауар өндірушілерге жаңа мүмкіндіктермен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өнімнің беделі мен сапасы белгілі бір географиялық объектімен байланысты. Мысалы, «Қазақстандық шоколад», «Көкшетаулық балмұздақ», «Лепсі балы», «Шұбаркөл көмірі», «Түрген шараптары». Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қысқа мерзімді қорғау енгізіледі. Бұл Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес келеді. Мұндай қорғау құқық иеленушілерді бірегей бұйымдардың сыртқы түрін тікелей көшіруден қорғауға мүмкіндік береді. Тауар таңбалары, географиялық көрсеткіш және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары жөніндегі «оппозициялық» жүйе мүдделі тұлғаларға өтінімді қарау кезеңінде сараптама жасау ұйымына қарсылық жіберуге мүмкіндік береді. Бұл нысандарды тіркеуге дау айтудың ықтимал тәуекелдерін жояды», - деп атап өтті спикер. 


Патенттік сенім білдірілген өкілдер бөлігінде түзетулер қойылатын біліктілік талаптарын, патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтарын нақтылауға және оны тізілімнен алып тастау рәсіміне бағытталған. Түзету патенттік сенім білдірілген өкілдер көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.