15.07.2022 _ 10:45

СІМ-де Қазақстандағы дипмиссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясының Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Ақан Рахметуллин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясының Елшісі Әбделазиз әл-Даудты қабылдады.
СІМ-де Қазақстандағы дипмиссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясының Елшісін қабылдады

А. Рахметуллин Сауд Арабиясының Елшісіне екі ел арасындағы серіктестікті нығайту жолында атқарған қызметі үшін алғысын білдірді. Бұл ретте тараптар соңғы бірнеше жылда екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Кездесу барысында Елші Ә. Әл-Дауд екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.