15.07.2022 _ 12:10

Оқшаулану және маска тағу. Денсаулық сақтау министрлігі сары және қызыл аймақтарға өткен кездегі іс-әрекеттер алгоритмін әзірледі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте КВИ таралуы бойынша өңірлердің қауіпті аймақтарға көшуі кезіндегі шаралар жобасы жайлы айтты. Оның айтуынша, құжат ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында ұсынылады.

Денсаулық сақтау саласының өкілдері не ұсынады? 


«Сары аймаққа өткен кезде ел бойынша қандай шаралар қабылданатын болады? Науқастармен байланыста болғандармен жұмыс, шектеу, науқастанған, вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте міндетті түрде маска тағу сияқты шаралар қабылданады. Қызыл аймаққа өткен кезде өңірлерде сары аймақта қабылданған шараларға қосымша стационар мен МСАК жүктемесіне байланысты халықтың қозғалысын және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін екі кезеңде шектеу бойынша шаралар қолға алынады», - деді министр.