18.07.2022 _ 11:10

ТЖМ: Жыл сайын елімізде 800 жуық орман және дала өрттері тіркеледі

Табиғи өрттердің тиімді алдын алу және оларды жою азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің назары аударылған негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын елімізде 800 жуық орман және дала өрттері тіркеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Төтенше жағдай министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады.

Қазгидрометтің болжамынша, осы жылдың үшінші тоқсанында ауа температурасы орташа +30ºС-қа дейін жетеді, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығымен ауа температурасы +40ºС-қа дейін көтеріледі. 


«Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады.  Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, жанудың тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50%-дан астамы адамның қатысуымен болды. Осыған байланысты, ТЖМ әкімдіктермен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауы, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды. Барлық өңірлерде кең ауқымды алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. ТЖМ бөлімшелерінің бастамасы бойынша азаматтық қорғау, полиция, әкімдіктер мен БАҚ қызметкерлерінен бірлескен мобильдік топтар құрылды, олармен 7 427 бірлескен рейд жүргізіліп, 1 165 өрт қауіпсіздігі талаптары бұзушылығын анықтады. Жергілікті атқарушы органдардың табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерімен 164 өрт-тактикалық сабақ (оқу-жаттығулар) өткізілді», - деді спикер.