18.07.2022 _ 14:10

Прокуратура органдары барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуде

Қазіргі уақытта жекелеген адамдар әлеуметтік желілер мен Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңсыз талаптар қойып, қабылданған процестік шешімдермен келіспегендіктен тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істердің тергеу барысына араласуда. Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қылмыстық процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдардың нақты тізбесіне рұқсат етіледі – бұл адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері, жәбірленушілер, олар прокуратураға да, тергеу сотына да тергеу органының іс-әрекеттеріне өтінішхат, шағым беруге құқығы бар.

«Бұл тұрғыда, Қылмыстық процестік кодексімен процестік шешімдерге, сондай-ақ тергеу органдарының әрекеттеріне, оның ішінде мамандандырылған тергеу соттары арқылы шағым жасаудың нақты тәртібі айқындалған. Осыған байланысты, қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушылардың назарына Заңның көрсетілген нормаларын қатаң сақтауға щақырамын», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.


Ведомство өкілі барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау қамтамасыз етілетінін атап өтті. Бас прокуратурамен қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметіне араласқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Өзге адамдардың сотқа дейінгі тергеу барысына араласуы әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейді (ӘҚБтК-нің 667-бабы және ҚК-нің 407-бабы).