18.07.2022 _ 14:43

Орта Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай-күйі мен перспективалары

АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов Ақтау қаласында «Орта Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі күйі мен перспективалары» атты халықаралық форумға қатысты. Іс шараға Қазақстан, Түркия, Қырғыз мемлекеттерінен келген дін саласындағы белгілі сарапшылар қатысты.

​Форумның мақсаты – Орталық Азия мен Қазақстанның діни ахуалдың қазіргі көріністері, діни радикализмге қарсы күрес барысы мен жаңа діни тенденция бағыттарын талқылау.
Форум аясында Е. Нүкежанов еліміздің қазіргі діни ахуалы, деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес, интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудағы қарсынасихат бойынша баяндама жасады. Форум жұмысы пленарлық мәжіліспен басталып, секциялық отырыстармен жалғасты.