18.07.2022 _ 16:17

Ақтөбеде оңалту орталығы, Студенттер үйі мен Футбол академиясы салынуда

Облыс әкімі Ақтөбедегі үш маңызды әлеуметтік нысан - мүгедек жандарға арналған үлкен оңалту орталығы, Студенттер үйі, Футбол академиясының құрылысымен ​ танысып шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақтөбеде Футбол академиясының құрылысы басталды. Нысан "Химик" стадионының жанынан тұрғызылып жатыр. Балалар футболын дамыту аясында жаттықтырушылар академияға 7-17 жас аралығындағы дарынды балаларды іріктейтін болады.
13 шілде күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин құрылыс алаңында болып, жұмыстың сапасы мен қарқынына баға берді.
Академия екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық корпустан тұратын болады, онда жаттығу залы, емшара жасайтын бөлме, академия тыңдаушыларына арналған жатақхана, сонымен қатар, күмбез іспетті ауамен толтырылған төбе жабыны бар ғимарат болады. Мұнда жаттығумен жыл бойы айналысуға болады.
Жоба бойынша құрылыс жарын мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алайда, егер қолданыстағы келісімге сай, екі қабатты ғимаратты тұрғызуға арналған материал Словакиядан биыл қыркүйек айында әкелінсе, нысан ерте пайдалануға берілуі мүмкін.
Академияның құрылысы «Алихан ойл 3» ЖШС мердігер мекемесіне сеніп тапсырылды. Аталмыш ұйымның өкілдері осы сұрақтарды талқылау кезінде құрылыстың жоспар бойынша жүріп жатқанын, проблемалық сұрақтар жоқ екенін жеткізді.
Облыс әкімі спорт нысанының маңыздылығын атап өтіп, жұмысты сапалы істеуді тапсырды.
"Біздің қалада футбол үлкен танымалдылыққа ие, жанкүйерлері көп. Сондай-ақ, біз балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт алаңдарының санын арттырып, бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Тек кәсіби спортқа ғана емес, сонымен қатар, бұқаралық спортқа да жағдай жасау керек,- деді Оңдасын Оразалин.
Сондай-ақ, облыс әкімі "Химик" стадионында үнемі жүгіретін ақтөбеліктерге жүгіретін жол салып беруді тапсырды.
 
 
150 орындық оңалту орталығы Есет батыр тұрғын үй алабында тұрғызылуда. Бірнеше ғимараттан тұратын үлкен кешеннің құрылысы жарын аяқталмақ. Жобаның жалпы құны құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сатып алынатын жабдықтарды қосқанда 6,4 млрд. теңгені құрайды. Орталықта мүгедектерді сапалы оңалту үшін барлық жағдай жасалмақ, яғни заманауи жабдықтар, бассейн және т.б. болады.
Нысанды салатын бас мердігер - «Интерстиль» ЖШС компаниясының өкілдері қазіргі таңда жұмыс жоспар бойынша жүріп жатқанын жеткізді. Айта кетейік, «Интерстиль» ЖШС сондай-ақ Батыс-2 шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуда.
Облыс әкімі бұл нысандардың әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті.
«Нысандар өте маңызды және бекітілген мерзімде салынуы керек. Жабдықтардың сатып алынуын алдын ала қарастырыңыздар, қымбаттап жатыр, соңына дейін жүріп алмаңыздар. Біз мұқтаж жандарға қолайлы жағдай жасауымыз қажет, әсіресе мүгедектігі барларға. Жалпы, мемлекет қаржыны бөліп жатыр, құрылыс қарқыны жаман емес. Келесі жылы оңалту орталығы да, дене шынықтыру-сауықтыру кешені де пайдалануға берілуі тиіс»,- деді Оңдасын Оразалин. ​
Кейін өңір басшысы «Эрудит» студенттер үйінің құрылыс алаңында болып қайтты. Жоба «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие арқылы қолдау тапты. Жалпы құны - 1,2 млрд. теңге. Студенттер үйі сегіз қабаттан тұратын болады. Мұнда жоғары оқу орындары мен колледждердің 700 студенті орналасады. «Эрудит» ЖШС директоры Сәуле Нұрбергенованың сөзінше тұру құны айына 30 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге студенттерге тегін таңғы және кешкі ас беріліп, шаш қию мен кір жууу да ақысыз болады, сонымен қатар, стомотологияға 50 пайыз жеңілдік бар.
Облыс әкімі Студенттер үйі аумағында қауіпсізджік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды.