19.07.2022 _ 14:10

Әмірліктер Қазақстан астанасында құны 2 млрд АҚШ доллары болатын көпфункционалды кешен салады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Ayana Holding» компаниясының Басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар елордада «The Grand Mosque Residences» көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.
М. Тілеуберді Үкімет жобаны іске асыру және сүйемелдеуге қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екендігін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
1-ші кезеңнің жалпы құны 576 млн АҚШ доллары, ал жобаның жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды.