19.07.2022 _ 14:27

Айтылды-Орындалды: Президенттің шетелдік және жергілікті инвесторларды тарта отырып, барлық кен орындарына тексеру жүргізу жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы

Айтылды: Үкімет барлық кен орындарына тексеру жүргізіп, шетелдік және жергілікті инвесторларды тарта отырып, оларды одан әрі игеру үшін пайдаланылмаған кен орындарын анықтауы қажет.

Орындалды: Игерілмеген кен орындары тұрғысынан көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы 264 келісімшартқа тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар және (немесе) қандай да бір жұмыстар жүргізілмеген 27 келісімшарт анықталды; Жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарттың 9-ы бұзылды, 6 келісімшарт бойынша 1,1 млрд теңге берешек өтелді, 12 келісімшарт бойынша жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда; 2022 жылғы маусымда Министрлік 25 жер қойнауын пайдаланушыға қосымша хабарлама жолдады, оларда 2021 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық міндеттемелердің орындалуы 30%-дан аз, заңнамаға сәйкес жою мерзімдері бар.