20.07.2022 _ 10:41

«Астана Опера» театрына өткен маусымда 60 мыңнан астам адам барған

Актерлер, режиссерлер, жарық түсірушілер, суретшілер, макияж суретшілері және басқа да сахна қызметкерлері жазғы демалысқа шыққан кезде, біз еліміздің театр алаңдарының өткен маусымын қорытындылауды жөн көрдік.

Алдымен «Астана Операдан» бастайық, биыл Қазақстанның бас театрының тоғызыншы маусымы қызықты оқиғаларға толы болды.

  • Театрға 60 мыңнан астам адам келді;

  • Үш премьера өтті- «Ақшақар және жеті гном» балеті, «Алпамыс» батырлық операсы, сондай-ақ «Алты би» комедиялық балеті;

  • Театрда 207-ден астам іс-шара өтті, оның ішінде, аты аңызға айналған өнер қайраткерлеріне, театр артистеріне және спектакль қоюшыларына арналған 45-ке жуық көрме өткен; театрдың қайырымдылық жобаларына 760-тан астам адам келген; 

  • Қазақстан бойынша 10 гастрольдік сапар, сондай-ақ театр артистері Жапония, Италия, Австралия, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасындағы конкурстар мен фестивальдарға қатысты;

  • Балалар жылы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылды: театрдың қолөнер студиясының ашылуы, «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» тұңғыш фестивалі, «Театр сабағы» жобасы.