20.07.2022 _ 19:43

Шолпан-Атада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттерінің бейресми кездесуі өтті

Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.

Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.