21.07.2022 _ 09:04

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері «Дордой Номад» мәдени орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды.

Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты.

Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.