21.07.2022 _ 13:50

Жол картасы стратегия ретінде. ИИДМ АЭА тиімділігін арттыруға ниетті

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру бойынша Жол картасы әзірленді. Жол картасы АЭА-ны дамыту жөніндегі басты стратегиялық құжатқа айналады, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін нақты міндеттерді шешуге жүйелендіруге және шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжатты әзірлемес бұрын терең талдау, бірнеше ай бойы өңірлермен, Президент Әкімшілігімен, еліміздің экономикалық блогымен және бірінші кезекте АЭА-ға мүдделі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілді. 


Кез келген АЭА жұмысының тиімділігі инфрақұрылымның дайындығына байланысты. Ресми деректер бойынша, инфрақұрылымды жүргізуге 393,5 млрд теңге бөлінген. 


Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның негізгі түрлерін тартып, дайын өндірістік үй-жайлар салдық. Инфрақұрылымның аяқталуының орташа көрсеткіші 70% – ды құрайды, оның ішінде толығымен аяқталғандары - АЭА «Оңтүстік», «Инновациялық технологиялар паркі» және «Қорғас - Шығыс қақпасы».