22.07.2022 _ 13:40

ҚР ДСМ: Қазақстанда 20 маусымнан бері КВИ-мен сырқаттанушылықтың өскені байқалады

ДДҰ мәліметтері бойынша, соңғы аптада әлемде сырқаттанушылық 3%-ға өсті. COVID-19 штаммының Омикрон нұсқасы бүкіл әлемде басым болып келеді. Әлемде сырқаттанушылықтың өсуімен қатар Қазақстанда да өсім байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйым Біржанова мәлімдеді.

«Әлемде сырқаттанушылықтың өсуімен қатар Қазақстанда да 20 маусымнан бері КВИ-мен сырқаттанушылық артқаны байқалады. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,2 есе өсті. Бұрын 2558 жағдай тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 8156 жетті. Соңғы тәулікте КВИ+ 2 480 жағдайы және КВИ- 13 жағдайы тіркелді», - деді спикер. 


Ресми мәліметтерге сәйкес, олардың 80%-ында соңғы вакциналау  мен ревакцинациядан кейін 6 айдан аса уақыт өткен. Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бері сары аймақта тұр, өзге өңірлер – жасыл аймақта.