22.07.2022 _ 14:00

Ауырғандардың 90% жуығы амбулаториялық деңгейде ем алуда

Бүгінді таңда Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Фильтр кабинеттерімен қамтылған, санитарлық-дезинфекциялық және эпидемолоиялық режим сақтаулы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйым Біржанова мәлімдеді. «Ауырғандардың 91,4% амбулаторлық деңгейде ем алуда.
Ауырғандардың 90% жуығы амбулаториялық деңгейде ем алуда

«Науқастардың 91,4%-ы амбулаториялық деңгейде, 8,6-сы стационарлық деңгейде ем алуда. Айта кетейік, бүгінгі таңда КВИ жұқтырғандар арасында аурудың жеңіл симптомсыз ағымы байқалады, қысқа инкубация кезең - 2-ден 14 күнге дейін, орташа есеппен 2-ден 4 күнге дейін. Республикада медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 5000-нан астам объект: дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер, МСАК орталықтары, емханалар жұмыс істейді. 12 000-нан астам учаске бар, оның ішінде педиатриялық, терапевтік ЖПД. 32 000-ға жуық дәрігер және 13 000 астам орта медициналық қызметкер жұмыс істейді», - деп атап өтті спикер.


18 жасқа дейінгі балалар жалпы КВИ жұқтыру жағдайларының үштен бір бөлігін құрайды. Талдау нәтижесінде 36,8 пайызы вакцинацияланбағаны анықталды. Реанимацияда жатқан науқастардың көбі елордада - 15 адам. Реанимациялық науқастардың негізгі контингенті - 50 жастан асқан, ілеспе аурулары бар адамдар. Олардың 78%-ы егілмеген.