22.07.2022 _ 13:50

Қазақстанда вакцинаның 3 түрі қолжетімді - ҚР ДСМ

Қазіргі кезде Қазақстанда халықты вакциналау үшін вакцинаның үш түрі қолжетімді - QazVac, Sinopharm и Pfizer, ал қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін QazVac және Sinopharm қолжетімді. Егу пункттерінде 1,6 млн доза вакцина бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова хабарлады.
Қазақстанда вакцинаның 3 түрі қолжетімді - ҚР ДСМ

Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы вакцинациямен халықтың  вакциналауға жататын ересек тобының 80%-дан аса бөлігі немесе бүкіл ел халқының 56%-ы қамтылған. 


КВИ қарсы бастапқы ревакцинациямен қамту республика бойынша вакциналауға жататын халықтың 68,3%-дан астамын құрайды. Тәулігіне 10 мыңнан астам адам егілуде. 
Мамыр айының соңында қайта ревакцинациялау енгізілді. Бүгінгі күні халықтың 55%-ы қамтылған. Биыл  15 шілдеден бастап COVID-19 эпидемологиялық жағдайын бағалау матрицасы 10 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың көрсеткіші және R көрсеткіші бойынша жүргізіледі.