22.07.2022 _ 14:20

15 шілдеден бастап денсаулық сақтау министрлігі өзектендірілген матрицаға көшті

Жаңартылған матрицада орташа тәуліктік сырқаттанушылық көрсеткіштері 100 000 адамға қайта есептеуде емдеуге жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне ауыстырылды. Осылайша, аймақ R көрсеткішіне қарамастан 100 000 тұрғынға шаққанда 12,5 төсек-орынмен қамту көрсеткіштеріне қол жеткізген кезде және R бірден аз болса, 100 000 тұрғынға шаққанда 12,5-тен 25-ке дейінгі төсек-орындық көрсеткішпен қамту жағдайында жасыл аймақта орналасқан. Бұл туралы ҚР ДСМ жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты.

Сары аймақ – жұмыспен қамту көрсеткіші 12,5 - 20-ға жеткенде, R бірден көп болғанда немесе R бірден аз болса,  төсек-орынмен қамтылу көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 20-дан 50-ге дейін болуы тиіс. 

«Сары аймаққа көшкен кезде инфекция ошағын оқшаулауға және мінез-құлық факторларын күшейтуге бағытталған шаралар қабылданады, яғни бизнеске қосымша жүктеме беретін шаралар сары аймақта қолданылмайды. Байланыста болған адамдарды, вакцинацияға қарсы абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру көзделген, білім беру ұйымдарында топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге жол берілмейді, бірақ жеке топта іс-шараларды өткізуге болады.  Адамдар көп жиналатынжерлерде,е ұжымдарда және қоғамдық көлікте медициналық маска тағу ұсынылады», - деп атап өтті спикер. 

Қызыл аймаққа ауысқан жағдайда шектеу шаралары ведомствоаралық комиссиямен келісілгеннен кейін кезең-кезеңімен қабылданады.