24.07.2022 _ 09:35

Шымкентте жанып жатқан үйден егіз бауырларды құтқарған 12 жасар қыз марапатталды

Бейбіт заманда ерліктің білекте емес, жүректе екенін өмірде орын алған оқыс оқиғаларда қара басын қатерге тігіп, адамды ажал аузынан арашалап қалған қаһармандар дәлелдеп жүр.

Өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған ержүрек азаматтарымыз аз емес. Солардың ішінде жас балалардың орны ерекше. 

Өрттен екі інісін құтқарған жасөспірім қыздың жасаған ерлік іс-әрекеті көпке үлгі болардай батылдық нышаны болып табылады. Жасөспірім қыздың жасаған ерлік іс-әрекетін Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшылығы назарынан тыс қалдырмай, 2010 жылғы Анна Юрьевна Саворовскаяны марапаттауға ұсынды.

ҚР ТЖ министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 253 бұйрығына сәйкес Анна Юрьевна Саворовская «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

Төтенше жағдайларда төңген қауіп-қатерге қарамастан жанашырлық танытып, көмекке келген азаматтардың ерлігін ұлағаттау қоғамдағы жанашырлықты, қауіпсіздік мәдениетін халықтың санасында арттырудың негізгі нышаны болып табылады.