26.07.2022 _ 10:24

Қазақстанда тағы екі жаңа кәсіби мереке пайда болады

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады - Қазақстан кәсіпкерлері күні және жарнама мамандары күні.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 8 тамызға дейін көпшілік талқылау үшін орналастырылған.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан кәсіпкерлерінің күні 9 қыркүйекте, ал жарнама маманының күні 19 желтоқсанда атап өтіледі.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін біз ТКШ қызметкерлерінің күні туралы жазған болатынбыз.