26.07.2022 _ 10:20

Б.Сұлтанов: «Айналым схемасының» қаржыландыру көлемі 86,5 млрд теңгеге жетті

Бүгінгі күні «айналым схемасының» қаржыландыру көлемі 86,5 млрд теңгеге жетіп, нарыққа ықпал ету үлесі 4%-ды құрады. Алайда, тіпті мұндай шамалы көлемнің өзі бұл механизмнің тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Мысал ретінде Қарағанды облысын келтіруге болады. Сәуір айында 2 709 тонна көлемінде картопты бөлшек саудада 85 теңге деңгейінде белгіленген бағамен жеткізуге шарт жасалды. Ал жергілікті нарықта коммерсанттардың қойған бағасы 175 теңге болды. Нәтижесінде нарықтағы орта баға 135 теңгеге теңесті. Бұл өңірлер бойынша қалыптасқан ең төменгі баға болды. Осы жұмыс одан әрі жалғасады. Сондай-ақ, ЖАО, ӘКК, сауда желілері және жергілікті тауар өндірушілер бір жүйеге енгізілген ақпараттық жүйе құрылады. «Qdata» сауда бойынша аналитикалық платформасында ақпарат ашық жарияланатын болады, бұл бағаларға өз әсерін тигізеді деп ойлаймыз», - деді спикер.