26.07.2022 _ 11:10

Республика бойынша қант балансы оң сальдоны көрсетеді

Биыл қаңтар айынан бастап отандық қант зауыттары 120 мың тонна құрақ шикізатынан алынған қант өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19%-ға артық. Жалпы, республика бойынша қант балансы оң сальдоны көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, шілде айының басында республикадағы қант қоры 28 мың тоннаны құрады, айдың соңына дейін 37 мың тонна қант өндіріледі деп болжануда. 


«Квота шеңберінде импорт көлемі 33,3 мың тоннаны құрайды. Осылайша, 69,8 мың тонна қажеттілік кезінде ішкі нарықтағы қанттың жалпы қоры 98,1 мың тоннаны, нарықтың қамтамасыз етілуі шамамен 140%-ды құрайды. Тамыз айындағы қант теңгеріміне келетін болсақ, болжамды қажеттілік 69,8 мың тоннаны құрайды, бұл тұтынудың ең жоғары көлемі болып табылады. Тамыз айының басында республика бойынша қанттың қоры 35 мың тонна, ақ қант импорты 42,2 мың тонна деңгейінде күтілуде. Әкімдіктер қорларын ескере отырып, республика бойынша қанттың жалпы қоры тамыз айының аяғына дейін 118 мың тоннаны, нарықтың қамтамасыз етілу деңгейі 169% құрайды деп жоспарланған. Шілде-тамыз  айларында өз-өзімізді қамтамасыз етуге қант қоры жеткілікті», -  деді ауыл шаруашылығы министрі.