26.07.2022 _ 16:54

Теміртау тұрғыны 3D сувенирлер шығаруды жолға қойды

Теміртау тұрғыны Владислав Фоменко жұбайымен бірге 3D-кәдесыйлар өндірісін іске қосты. Жас кәсіпкер өз ісін дамытуға мемлекеттік грант алды.

Владислав 24 жаста. Ол жастайынан өз бизнесін ашуды армандаған. 2020 жылы тауашаны зерттеп, әйелімен бірге алғашқы 3D принтер сатып алуды шешті.

– Мен мектеп табалдырығынан аттағаннан бастап өз өзіме жұмыс істеу үшін бизнес ашуды армандадым. Пандемия басталған кезде әйелім екеуміз тауашаны зерттеп, оны сынап көруді шештік, – дейді Владислав Фоменко. – Біз бірінші принтер сатып алдық та, тапсырыс ала бастадық. Содан кейін қандай бағытта дамыту керектігін біле бастадық. Клиенттеріміз пайда болды. Ол негізінен шағын дүкендердің иелері. Тәжірибе жинақтап, бизнес-жоспар құра отырып, біз халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуді шештік.

Владислав "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша курстардан өтті. Оқу бағдарламасының көп бөлігі оған таныс болды. Бизнес-жоспарды сәтті қорғап, ол 583 мың теңгеден астам сомаға грант алды.

– Бұл ақшаға біз тағы төрт принтер сатып алдық. Енді Қарағанды облысы бойынша жүзден астам сауда нүктесін өз өнімдерімізбен қамтамасыз етіп, Нұр-Сұлтан мен Алматы нарықтарына шықтық, – дейді кәсіпкер. – Негізінен попкорн немесе тәтті мақта қосылған тәтті шыныаяқтарға кәдесый өнімдерін, сондай-ақ заманауи ойыншықтарды жасаймыз. Біз басқа тапсырыстарды орындаймыз. 

Владислав өз өнімін дистрибьюторлар желісі арқылы Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер бизнестегі басқа бағытты қатар дамытқысы келеді.

– Іс жүзінде жоспарлар өте көп, және мен оларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін. "Бастау Бизнес" бағдарламасы мен мемлекет гранттарының арқасында жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны дамытуға да мүмкіндігі бар, – деп атап өтті Владислав.